Қытайлық айлакер Желі пайдаланушыларды ойыншықтар аппаратын алдауға үйретті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Желіде Қытайдан шыққан ақылды азаматтың ойыншықтар аппаратын қалай алдаудың тәсілін тапқан видеосы кеңінен таралып жатыр.
Ол шыныға магнитті қойып, масатыдан жасалған ойыншықтарды қысып алатын құралды қалай басқаруға болатындығын көрсетеді.
Мұндай апппараттар көптеген елде бар. Енді кімде кім арамдыққа бой алдырса, осы тәсілді қолданып көздегеніне жетуіне де болады.
Көптеген пайдаланушылар бұл трюкті қайталауға ынта білдіріп отыр. Ал енді біреулері сенімсіздік танытуда. Олар ойыншықтар көбінесе салмағы ауырлықтан қыса көтерген кезде түсіп қалады деген пікірде.