22:16, 27 Тамыз 2014 | GMT +5
Қытайлық азамат иттеріне пластикалық бөтелкелер жинатып, ақша тапқан
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдағы Чунцин қаласының тұрғыны ерекше ақша табу жолын тапқан. Ол иттерін пластикалық бөтелке жинауға үйреткен.

Екі овчарка жинаған бөтелкелерді ер адам қайта өңдеуге беріп, ақша тауып отырған.
Shanghaiist жазғандай, табысы аса көп емес - шамамен жылына мың юань (6 рубльге жуық) алайда Цзянь Гуанлингтік негізгі жалақысына қосымша табыс қосты. Әрі бұл болжалды сома. Өйткені бөтелке тапсырудан табыс көп жиналған кезде болады. Әр күні ер адам иттерін саябаққа қыдыртуға апарады да оларға бөтелке жинауға бұйрық береді. Иттерге бұл іспен айналысу ұнайтын сыңайлы. Әсіресе, олар өзенге секіріп, қоқысты судан алып шыққанды ұнатады.