Қытайлық азамат мұзды суда сянцы ойыны бойынша рекорд орнатты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бұл ер адам мұзды судың ішінде бір сағаттан астам уақыт болып, қытайлық шахмат - сянцы ойнаған. Үстінде киімнен тек жүзуге арналған шолақ шалбары болған.
Қытайда оны Ақ аю деп атайды.
Цуй Деви Ханьдань қаласында өткен бұл ауыр сынаққа қатысып, дәстүрлі қытайлық ойынның бірнеше партиясында ұтқан, деп хабарлайды Би-би-си.