Қытайлық азамат Ресейге үрлемелі матраспен жүзіп өтуге әрекеттенген

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытай азаматы Ресейге Амур өзені арқылы үрлемелі матраспен жүзіп бармақшы болған.

 Қытайлық азамат Ресейге үрлемелі матраспен жүзіп өтуге әрекеттенген

Ер адам Амур облысы Бибиково ауылы маңында ресейлік шекараны кесіп өтпекке әрекеттенген, деп хабарлады РИА Новости.

«Ресей ФҚҚ Амур облысы бойынша шекара басқармасының жасағы үрлемелі матраспен мемлекеттік шекараны кесіп өтпекші болған, түрі азиялық тұлғаны қолға түсірді. Ол ұсталған кезде қарсылық көрсетпеген. Қолында ҚХР азаматының жеке басын куәландыратын құжаты (1989 жылы туылған), азық-түлігі болған», - деп хабарлады өңірлік шекара қызметінің баспасөз қызметінен.

Оған 200 мың рубльге дейін айыппұл салынуы, екі жылға дейін мәжбүрлі жұмыс істеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы кесілуі мүмкін.