Қытайлық әжей 84 жылдан кейін алғаш рет туған жері - Вологда облысынан хат алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Биылғы жылғы 8 наурыз мерекесі Нина әжейге немесе Лю Моланьға ерекше болды. Аралас аралас некеде туған ол (орыс-қытай отбасы)  Ресейде дүниеге келген, бірақ өмірінің көп жылын Шаньдун шығыс-қытай провинциясының Цзыбо қаласында өткерген, деп хабарлайды Синьхуа.

 Қытайлық әжей 84 жылдан кейін алғаш рет туған жері - Вологда облысынан хат алды

Биыл арада 84 жыл өткеннен кейін Нина өзінің туған отаны - Вологда облысынан хат алды.

null 

«Мен жерлестерімнен хат аламын деп мүлдем күтпеген едім. Мені ұмытпағандарына қуаныштымын», - деді Нина.

null 

Қытайлық Көктем мерекесінің қарсаңында Синьхуа агенттігі Нина туралы бірқатар материалдар әзірлеген еді. Ол 1926 жылы дүниеге келіп, 7 жасқа дейін Вологда губерниясы Никольск ауданы, Вахнево кеңестік ауылында өмір сүрген.

null

Туған отанында Нинаның тарихын аса жылы қабылдады. Бірнеше жергілікті мектептің оқушылары әжеге хат жазып, қолдан тауық түріндегі жұмсақ ойыншық жасаған. Осы сыйлықтар Вологда облысының губернаторы  Олег Кувшинниковтың хатымен бірге Синьхуа агенттігінің көмегімен Қытайға жіберілген.

nullnull null