Қытайлық Чжан Линь әлемдік рекорд жасады
Рим. Шілденің 29-ы. ҚазАқпарат - Қытайлық Чжан Линь Римде суда жүзу спортынан әлем чемпионатында 800 метрге еркін стильде жүзуден әлемдік рекорд жасады және алтын медалды жеңіп алды. Бұл қытайлық құраманың Римде жеңіп алған алғашқы алтын медалі,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.