Қытайлық дәрігерлер жас қыздың аяғын ұзартып берді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Орталық Қытайда орналасқан Хунань провинциясының дәрігерлері екі аяғы екі түрлі қыздың аяқтарын бірдейлеп берді, деп хабарлайды «Синьхуа» ақпараттық агенттігі.
Остеомиелит дертіне, яғни сүйектің іріңді қабынуына шалдыққан Сяо Цзюанның бір аяғы екіншісінен 23 сантиметрге қысқа болған. Соның кесірінен ол ақсаңдап, бала кезінен аяғын дұрыс баса алмайтын. Төрт күрделі операциядан кейін қыздың деформацияланған сол жақ аяғы оң жағымен теңестірілді. Алғашқы 3 ота аяқ сүйектерін ұзартуға бағытталса, соңғысында аяқ буындары ауыстырылды. Осылайша дәрігерлердің арқасында бойжеткен екі аяғын тең басты. 3 ай ем алғаннан кейін ол көптен бергі арманына жетеді, өз қатарластарымен бірдей жүріп, жүгіре алады.