Қытайлық елші мемлекеттік құпияны жария еткені үшін тұтқындалды
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - ҚХР Мемлекеттік қауіпсіздік министрлігі (МҚМ) Жапонияға мемлекеттік құпияны жария етті деген күдікпен Исландиядағы Қытай елшісі Ма Сишэнді тұтқындады.
57 жастағы қытайлық дипломатты оның туған күні қарсаңында ҚХР МҚК қызметкерлері тұтқынға алды.
Ма Сишэн 2012 жылы Исландия Республикасындағы ҚХР елшісі болып тағайындалған. Ол өз мансабын ҚХР СІМ Азия департаментінен бастаған.
1991-1995 және 2004-2008 жылдары Токиодағы Қытай елшілігінде жұмыс істеген.
Өз уақытында Ма Сишэн Қытай сыртқы саяси ведомствосының Азия департаменті мен Ақпарат департаментін басқарған.