Қытайлық ер адам өздігінен жүретін чемодан жасап шығарды - ВИДЕО

АСТАНА. ҚазАқпарат - 61 жастағы қытайлық ер адам өздігінен жүретін чемодан жасап шығарды.

Қытайлық ер адам өздігінен жүретін чемодан жасап шығарды - ВИДЕО

Қытай азаматының бұл туындысы скейтборды бар чемоданға ұқсас болып келеді. Алайда оның кішкентай қозғалтқыш моторы мен батареясы бар. Чемодан бір адамды 20 км/сағат жылдамдықпен үш сағат бойы таси алады, деп хабарлайды Синьхуа агенттігі.

Хунань провинциясындағы Иян қаласында тұратын Хэ Лянцай есімді ер адам бастауыш мектептің 4 сыныбын ғана бітірген. Алайда оның бұл білімі жаңа туынды жасап шығаруға еш кедергісін келтірген жоқ. Хэ Лянцай 20 жыл бұрын көлік жөндеумен айналысуды бастап, кедейліктен құтылған. Осыдан кейін ол өз арманын жүзеге асыра бастайды. Бір күні Хэ Лянцай басқа қалаға барып, чемодан тасудан шаршап келеді. Оған сол кезде мынадай ой келеді: «Неге адам чемоданды тасуы тиіс? Чемодан адамды тасымай ма?» Осылайша қарт адам таситын чемодан жасауға кіріседі. Арманын жүзеге асыру үшін ол 10 жыл уақытын сарп еткен. Ақыр соңында ол қозғалтқышы, тежегіші, сөндіргіші бар бар, өздігінен жүретін чемодан үлгісін жасап шығарады. Ол тек затты салып, адамды тасып қана қоймай, ұры-қарыдан да заттарды сақтай алады.