Қытайлық еш кінәсі жоқ жеті адамды пышақтап тастады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайлық Шэньчжэнь қаласында (Гуандун провинциясы) белгісіз біреу бес ер адамды, екі әйелді пышақтап тастады.
Шацзин стансасында күту залында ол күтпеген жерден пышағын суырып алып, айналасындағы адамдарға бас-көз жоқ сұққылай бастаған. Оқиға орнына жеткен полицейлер шабуылдаушыны ұстады, қылмыскердің не үшін бұлай жасағаны анықталуда.
Зардап шеккендер терең жаралармен ауруханаға жеткізілді, деп хабарлады ТАСС жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап.