Қытайлық Интернетте сөйлесу үшін 244 есім ойлап тапқан

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сұрақтарға жауап іздеуге арналған қытайлық Zhihu сайтының қолданушысы порталдың өзге пайдаланушыларымен 244 түрлі тұлғаның атынан сөйлесіп келген.
None
None

Бұл туралы Life.ru South China Morning Post-қа сілтеме жасап хабарлады.

Шын есімін анықтау мүмкін болмаған ер адам Zhihu сайтының қолданушыларын жаңылыстырып,өзіне әр жолы жаңа өмірбаян ойлап тауып отырған.

Мысалға, тыйым салынған заттарға тәуелділік тақырыбын талқылау кезінде ол, сегіз жыл бойы ем-дом қабылдаған нашақор болғанына сендірген. Өзге тақырыпта ер адам жолы болмаған кәсіпкер ретінде сөйлескен.

Бұдан бөлек, құпия адам өзін полицей, балықшы, ұшқыш, шаңғышы, жүргізуші, ауыл басшысы, көлік сатушысы, колледж лекторы, сондай-ақ шаруа иесі болып таныстырған.

Қазіргі уақытта Zhihu әкімшілігі «қолданушыларды жаңылыстырғаны үшін» оның аккаунттарын бұғаттады. Бұл ретте, 244 тұлғасы бар ер адамның фанаттар тобы құрылып үлгерді, олар оны Қытайдың ең қызықты адамы деп атауда. Жанкүйерлер Интернетте оның ізін іздестіріп, байланысқа шығуға тырысуда. 

Соңғы жаңалықтар