Қытайлық инвестор Екібастұзда кремний өндірісіне 7 млрд теңге инвестиция салуға әзір

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайлық инвестор Екібастұзда күлден кремний шығару үшін жеті млрд теңге инвестиция салуға әзір. Облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Нұрболат Сейтмағамбетовтің айтуынша, жылына 35 тонна кремний шығаратын «ANSA Silicon» кәсіпорны 2018 жылы іске қосылады.
None
None

 Серіктестік иесі ГРЭС-1 аумағының жанынан жер телімін ресімдеп алған, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

"Шикізат ретінде жергілікті ГРЭС-те шығарылатын қалдықтар қолданылады", - дейді Нұрболат Сейтмағамбетов.  Өндіріс орнын отандық кәсіпкер ашқанымен қытайлық инвестор қаржы салады. Бірінші кезекте 5,5 млрд теңге жұмсалатын жобаның құны 7 млрд теңгені құрап, 364 жұмыс орны ашылады. Тауарды қытайлық кәсіпорындар сатып алуға ниет білдіріп отыр.  

Соңғы жаңалықтар