Қытайлық кәсіпкер мейрамханаға келушілер санын көбейту мақсатымен тағамға есірткі қосып келген
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдағы кеспе мейрамханасының иесі келушілер қарасын көбейту мақсатында тамаққа есірткі қосып отырған.
Мейрамхана иесі Чжан қылмысын мойындап, алдымен бір клиентке «тәжірибе» жасап көргенін айтты. Чжанның мейрмаханасынан тамақтанған бұл адам бұл жерге күнделікті келіп ас ішетін болған. Осыдан кейін Чжан әр келушінің тамағына есірткі қосып отырған.
Оның бұл ісі мейрмахана клиенті жол жүру ережесін бұзып, полицияға түскен кезде әшкере болды. 26 жастағы Лю Джоуды полиция есірткі қолданады деп айыптады, ал Джоу болса бұндай затқа ешқашан жолмағанын, мейрамханадан түскі ас ішіп келе жатқанын айтып ақталды. Мейрамханаға келген полиция қызметкерлері ондағы келушілердің тағамдарына есірткі қосылғанын анықтады. Ал мейрамхана иесі болса бұндай қадамға тағамы дәмді болу үшін және өз бизнесін жақсарту мақсатымен барғанын айтып, ақталды, деп жазады шетелдік БАҚ.