Қытайлық «Қазақ жауынгері» қарсыласын екінші раундта сұлатты

АСТАНА.ҚазАқпарат -WBO тұжырымы бойынша жеңіл салмақта (53,5 келіге дейін -118фунт) Азия чемпионы 23 жастағы Елшат Нығматоллаұлы (9-0-1, 1КО) 18 тамыз күні Қытайдың Цзинань қаласында кезекті жекпе-жегінде жеңіске жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қытайлық «Қазақ жауынгері» қарсыласын екінші раундта сұлатты

Sohu спорт порталының хабарлауынша, Елшат бұл кездесуінде 122 фунт (57 келіге дейін) салмақта жұдырықтасты. Қорытындысында ол қарсыласы тайландтық Кайонсак Потангті (25-16, 9КО) екінші раундта нокаутқа түсіріп, 11-ші жеңісіне қол жеткізді.

Еске сала кетейік, «Қазақ жауынгері» деген лақап атымен белгілі Елшат Нығматоллаұлы және супер жеңіл салмақта (63,5 келі - 140 фунт) WBA және WBC нұсқасы бойынша Азия чемпионы Бейсенбі Нәсиоллаұлы (12-0-1, 5КО) Қазақстандық боксшы Қанат Исламның (24-0, 19КО) жерлесі.