05:51, 26 Желтоқсан 2016 | GMT +5
Қытайлық клуб «Барселона» ойыншысына үш жыл ішінде 50 млн еуро төлеуге ұсыныс жасады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайлық «Гуанчжоу Эвергранд» футбол клубы «Барселонаның» жартылай қорғаушысы Арда Тұранды өздеріне тартпақ ниетте. Бұл туралы Tuttomercatoweb хабарлайды.

Дерекөздің айтуынша, қытайлық команданың басшылығы түрік ойыншысына 50 миллион еуроға (52 миллион доллар) үш жылға келісімшарт жасауға ұсыныс білдірген.
«Гуанчжоуға» ресейдің бұрынғы бас жаттықтырушысы Андре Виллаш-Боаш жетекшілік етеді.