Қытайлық компания Өзбекстанда азық-түлік хабын құруға ниетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайлық Xinjiang Changlong Investment Co. Ltd компаниясы Бұқар облысында азық-түлік логистикалық орталығын құруға ниетті, деп хабарлады Өзбек телеграф агенттігі.
«Орталық құрамында көкөніс-жеміс және ет-сүт өнімдерін қайта өңдеу бойынша екі кәсіпорын, картон және пластик қорап өндіретін кәсіпорын құруды, төрт тоңазытқыш камера салуды, энергия үнемдейтін заманауи жылыжай салу, қарқынды технологиямен бақша отырғызу, сондай-ақ MAN авторефрижераторлар сатып алуды жоспарлауда», - деп атап өтті қытайлық компанияда.
Жобаның жалпы құны $30 млн. Бұл қаражаттың бөлігі ҚХР Эксимбанктен кредит ретінде тартылады.
Барлық өндірілетін жеміс-көкөніс өнімдерін экспортқа шығаруды жоспарлауда. Оны өткізу арқылы жергілікті тұрғындар үшін жүздеген жұмыс орны құрылады.