07:27, 09 Желтоқсан 2012 | GMT +5
Қытайлық қыз маймылдарды өз омырауымен емізіп өсіруде
АСТАНА. 9 желтоқсан. ҚазАқпарат - Джао Ксинджен кішкентай маймылды өз омырауымен өмізіп жатқан фотосуреттер интернетке түскеннен кейін жұлдызға айналды.

Қытайлық Хэнань провинциясының тұрғыны, 27 жастағы әйелдің күйеуі аңдарды жаттықтырушы болып жұмыс істейді. Қытайлық отбасы маймылдарды жаттықтыратын өздерінің лагерінде цирк әртістерін және кинематографияның жұлдыздарын шығарады.