Қытайлық мұсылман қажылыққа велосипедпен аттанған
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайлық мұсылман қасиетті қажылық сапарына кәдімгі велосипедпен баруды ұйғарған екен. Жалпы ұзындығы 4 мың шақырым болатын аралықты басып өтуге оның бақандай төрт ай уақыты кеткен көрінеді.
Айта кетейік, биылғы қажылық маусымы тамыз айының 20-жұлдызынан басталады.
Ауа-райын зерттеушілердің болжамы бойынша, қажылық тарихындағы ең ыстық маусым биылғы жылы орын алмақ, деп жазады muslim.kz.