Қытайлық өрт сөндірушілер қателесіп, басқа ұшақты «өрттен» құтқармақ болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың оңтүстік-шығысындағы Фучжоу әуежайында ерекше оқиға орын алды.

Қытайлық өрт сөндірушілер қателесіп, басқа ұшақты «өрттен» құтқармақ болды

Air China компаниясына тиесілі Boeing 737 оң жақтағы қозғалтқышының маңында ұшқын байқалды. Бұл үшін алаңдаған капитан диспетчерге хабарлап, ұшыру алаңына сегіз өрт сөндіру көлігі жөнелтілді. Олар керісінше осы ұшақтың қасында ұшқалы тұрған Fuzhou Airlines-ке көпіршік төккен. Артынша, құтқарушылар қателіктерін түсініп, Boeing 737-дегі отты өшіруге кіріскен. Ал Fuzhou лайнері көпіршік салдарынан уақытында ұша алмады. Сонымен қатар, ұшақты тазалап, ұшу алдында оны жіті тексеру үшін жолаушыларды борттан шығаруға мәжбүр болды, деп жазды tvzvezda.ru.