Қытайлық отбасының 500-ден астам мүшесі бірге суретке түскен

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Ең керемет отбасылық сурет» ай күнтізбесі бойынша Қытай жаңа жылын тойлап жатқан кезде жасалған. Бұл фото ғаламторда үлкен танымалдылыққа ие болды, деп хабарлайды Синьхуа.

Қытайлық отбасының 500-ден астам мүшесі бірге суретке түскен

Арнайы құрылғының көмегімен Шығыс Қытайдағы Чжэцзян провинциясы  Шэнчжоу  қаласы   Шишэ  ауылында түсірілген суретке Жэнь әулетінің 500-ден астам отбасы мүшесі іліккен.

Фотографияда отбасы мүшелерінің 25-тен 31-ге дейінгі ұрпағы бар. Бұл әулеттің мүшелері елдің түрлі аумағында, Бейжіңде, Шанхайда, Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесінде, Тайландта және т.б. тұрады.

«Шежіре кітабына қосымша мәліметтер енгізуге екі жарым жыл жұмсадық», - деді Шишэ ауылының КПК ұяшығының хатшысы Жэнь Туаньцзе.

Көктем мерекесі әулеттің барлық мүшелерінің басын қосып, өз шежірелерін еске түсіруге мүмкіндік берді.