Қытайлық өз бастығының итін жеп қойды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың шығысында Сюйчжоу фабрикасындағы жұмысшы Чжан фабрикадағы қоғамдық дәретханада жүрген корги тұқымды итті байқап қалып, оны таяқпен ұрып өлтіреді де, терісін сыпырып, ет дайындап, оны әріптестермен бөлісіп жеп қояды.

Қытайлық өз бастығының итін жеп қойды

Наутро Чжан мен әріптестері фабрикада ілініп тұрған жарнаманы көреді, онда ит иесі оны тапқан адамған 8000 юань (1200 доллар) сыйақы беретінін айтқан.

Вэльш корги-пемброк тұқымды ит фабрика иесі Ванға тиесілі болып шықты.

Чжанның қызметтестерінің бірі итті жеп қойғанын бастыққа жеткізеді, деп жазды South China Morning Post газеті. Ван жұмыс бөлмесінен ит жүнінің қалдығы қалған пышақты тапты, ал еденде терісінің бөлшектері жатқан.

Ван итті жеп қойған Чжан мен үш жұмысшыны жұмыстан шығарып, полицияға тапсырған, деп хабарлайды epochtimes.ru.