Қытайлық полиция Вьетнаммен шекарада контрабандалық қолтырауындарды ұстады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Вьетнаммен шекарада қытайлық Гуанси-Чжуан округінде полиция мұздатылған 70 сиам қолтырауыны мен 88 қолтырауын құйрығын тәркіледі.
Синьхуа ақпаратына сүйенсек, Фанчэнган қаласында шекарада көлікті тексеру кезінде полиция жүктің тауар жүкқұжатындағы жазбаға сәйкес келмейтінін анықтады. Ұзындығы бір метр, құйрығы жетпіс сантиметрлік контрабандалық қолтырауындар пенопластан жасалған қорапқа салыныпты.
Жүргізуші Фанчэнганға жеткізу үшін Вьетнамнан теңіз өнімдерін әкеле жатқанын, жүктің қолтырауын болып шыққанынан бейхабар екенін мәлімдеді.
Қытайда сиам қолтырауындарын сату, тасымалдау заңға қайшы болып табылады. Себебі бұл түрі жойылып кету қаупінде тұр. Әлемде мұндай қолтырауын бес мыңдай ғана.