Қытайлық салмағы 70 келі болатын аяқ киіммен серуенге шығады (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - 55 жастағы Хуанг Баокуан денеге көп күш түсіру адам адам өмірін ұзартады деп есептейді және осы мақсатта ол ерекше жаттығу әдісін ойлап тапты. Қытайлықтың бұл әдісі оны әлемге танытты.
None
None

Күн сайын Сычуань провинциясындағы шағын ауылдың тұрғыны аяғына салмағы 70 келі болатын аяқкиімді киіп алып, 200 метр жүреді. Хуанг өзінің салмағынан да асып түсетін аяқкиімді киіп жүру оның денсаулығын нығайтады деп есептейді.

Анасының айтуынша, ол бұл аяқкиімді 30 жыл бұрын ойлап тапқан. Содан бері күн сайын киіп алып, серуенге шығады екен. Кей кездері қолына салмағы 7-10 кг болатын гантель де алып жүреді. Дене бітіміне қараса, Хуанг аса ірі де емес. Оның аяқкиімін киіп көрген тұрғындар жүрмек түгіл орнынан да қозғала алмаған көрінеді.

Хуанның өзі болса әр түрлі өлшемдегі аяқкиімдері бар екенін және бірден 70 келі емес жеңілдеу аяқ киім киюден бастағанын айтты, деп жазады шетелдік БАҚ.

Соңғы жаңалықтар