Қытайлық шөппен емдеуші Ли Циньюнь 1933 жылы 256 жасында қайтыс болған

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жазушы Питер Кэлдер кітаптарының бірінде 1933 жылы 256 жасында қайтыс болған қытайлық Ли Циньюньнің өмірін баяндаған.

Қытайлық шөппен емдеуші Ли Циньюнь 1933 жылы 256 жасында қайтыс болған

Ұзақ өмір жасаған бұл адам 180 баланың әкесі болғаны, 24 рет үйленгені белгілі. Қытайлық азамат емдік шөптерді зерттеумен айналысып, бұл ретте түрлі тыныс алу жаттығуларын орындаған. Бұл себеппен өз жасында алпыстағы ер адамдай көрінген.

Питер Кэлдер бұл қытайлық туралы әңгімесін жариялаған. Ұзақ жасаушы 1677 жылы Сынхуань провинциясында дүниеге келген. Сонау 1928 жылы өзінен сұхбат алынғанда, Ли Циньюнь ұзақ жасауының құпиясын ашқан.

Ол ұзақ өмір сүру үшін ет жемеу керек екенін, кез келген жағдайда сабырлық сақтап, міндетті түрде ұйқыны қандыру керек екенін сендірді.

Қытайлық ер адам негізінен күріш, шөп тұнбаларымен қоректеніп, дәмді шайлар қайнатқан. Ол көбіне қасқыр жидектерінен әзірленген тұнбаны жақсы көрген, деп жазады planet-today.ru.