Қытайлық шорт-трекші 1000 метрге жүгіруден бірінші болып келді

АСТАНА. 2 ақпан. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Қытайлық шорт-трекші Сон Вэйлон 1000 метр қашықтыққа жүгіруден бірінші болып келді.

Қытайлық шорт-трекші 1000 метрге жүгіруден бірінші болып келді

С.Вэйлон белгіленген межені 1 минут 27,544 секунда жүгіріп өтті. Жапондық Уэмуре Дайсукэ мен оңтүстік корейлік Сун Ши Бак сайыс алаңында құлап қалғанына қарамастан, төрешілердің шешімімен оларға сәйкесінше күміс және қола медальдар берілді.

Отандық спортшылар Артур Сұлтанғалиев 1 минут 31,223 нәтижесімен - бесінші, Нұрберген Жұмағалиев 1 минут 1,563 уақытпен - жетінші орынға орналасты.