Қытайлық студенттер түлектер кешіне той көйлегін киюді сәнге айналдыруда - ФОТО

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайлық студенттер бітіру кешіне дәстүрлі академиялық киімді емес, ақ той көйлегін кие бастады, деп жазады The Independent.

Қытайлық студенттер түлектер кешіне той көйлегін киюді сәнге айналдыруда - ФОТО

Осы жазда қытайлықтардың жаңа сәнге деген қызығушылықтары арта түсуде. Соның нәтижесі шығар, бітіру кешінің суреттерінде аппақ көйлек пен тиара киген көптеген «қалыңдықтарды» көруге болады, деп хабарлады Gazeta.ru сілтеме жасай отырып Day.Az.

Сиань қаласының политехникалық университетінен студент Лю Сянпин той көйлегі «ерекше әсер беретінін» айтты. Өз кезегінде Орман шаруашылығы солтүстік-шығыс университетінен (Харбин) Цзан Сюэхуэй мұндай сән үлгісі оқу бітіруді ерекше мерекелеуге себеп болатынын жеткізді.