Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қытайлық Тяньцзинь әуежайында қою түтіннің кесірінен 216 рейс кейінге шегерілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Тяньцзинь әуежайында қаланы басқан қою  түтінге байланысты кем дегенде 216 рейс кейінге шегерілді, деп хабарлайды РИА Новости. 

Қытайлық Тяньцзинь әуежайында қою түтіннің кесірінен 216 рейс кейінге шегерілді

Жергілікті уақытпен 13.00-де 83 рейс кейінге қалдырылған болатын. Билік жолаушылардан  рейстер жөнінде ақпараттарды алдын ала тексеруді  сұрайды.

30 желтоқсаннан 1 қаңтарға Бейжіңде  және қала маңында, сондай-ақ Тянцзиньде түтінге байланысты қауіптің сары деңгейі жарияланды, деп хабарлады жексенбіде Sohu порталы жергілікті билікке сілтеме жасап.

Ауаның былғануы мониторингін жүргізетін сайттың ақпаратына қарағанда, жергілікті уақытпен 16.00-де Бейжіңдегі зиянды заттардың жиынтығы текше метріне 484 микрограмм, ал Тяньцзиньде - шаршы метрінде 240 микрограмм болған. Бұл қалыпты деңгейден  бірнеше есе жоғары көрсеткіш болып табылады.