Қытайлық «Ваньда» корпорациясы голливуд киностудиясын сатып алу үшін 3,5 млрд АҚШ долларын жұмсады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайлық «Ваньда» (Wanda Group) кәсіпорны америкалық Legendary Pictures киностудиясын 3,5 млрд АҚШ долларға сатып алғанын хабарлады.
«Америкалық киностудияны сатып алғаннан кейін «Ваньда» әлемдегі ірі кинооператорлардың бірі атанды»,- дейді корпорацияның басқарма төрағасы Ван Цзяньлинь.
«Ваньда» кинофильмдерді түсірумен және шығарумен айналысады. Сондай-ақ әлемнің көптеген елдерінде кинотеатрлары бар.
Ван Цзяньлиннің болжамы бойынша, 2017 жылы қытайлық кинонарық солтүстікамерикалықтан басым түсіп, әлемдегі ең ірілерінің біріне айналады, деп жазды Синьхуа.
Legendary Pictures - белгілі киностудия.Ол шығарған фильмдердің кассалық жиыны 12 млрд АҚШ долларына жетті.