Қытайлық жаңа көлік үшін 5 тонна монетамен есептесуге шешті

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚХР тұрғыны жаңа автокөліктің құнын салмағы 5 тонна монетамен есептесуді шешкен. Әрбір монетаның құны - бір юань. Алайда көлік сатушы одан тек 2,5 тонна ақшаны қабылдады.

Қытайлық жаңа көлік үшін 5 тонна монетамен есептесуге шешті

Бұл оқиға Қытайдың шығысындағы Шаньдун провинциясында орын алды. Аталған азамат 100 мың юаньға (16 мың доллар) «Soueast» моделін алған көрінеді.

Бұл кісі автосалон сатушысын көлік үшін монетамен есептесетінін алдын ала ескерткен көрінеді. Клиенттен айырылғысы келмеген менеджер бұл ұсынысқа бірден келіскен.

Алайда аталған азамат алып келген шақаларды санау үшін дүкеннің барлық қызметкерлері жұмылдырылған екен. Бірнеше сағат ішінде олар тек 50 мың монетаны санап үлгерді. Осы уақыт ішінде жаңа көліктің иесі фильмді тамашалап отырған.

Нәтижесінде, автосалон басшылығы монета санап шаршағаннан кейін, қалған соманы несиелік картамен өтеуді өтінген. Ер азамат олардың бұл өтінішіне өзінің келісімін берді, деп жазады шетелдік БАҚ.