Қытайлық жанкүйерлер Қанат Исламның жекпе-жегіне 3 мың билет сұрап отыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қанат Ислам (24-0, 19КО) мен канадалық Брэндон Куктың (18-0, 11КО) Астана қаласының «Сарыарқа» велотрегінде 9 қыркүйекте өтетін кездесу кешіне Қытайдағы жанкүйерлер 3 мың орынға тапсырыс берген, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Қытайлық жанкүйерлер Қанат Исламның жекпе-жегіне 3 мың билет сұрап отыр

Бұл туралы «Qazaq promotions» компаниясы хабарлады.

«Билеттер қазір өте жақсы сатылып жатыр. Қытайдағы жанкүйерлер 3 мың, канадалықтар 2 мың билет сұратып отыр. Қонақтарды күту үшін әлі де дайындық жұмыстары жүріп жатыр. «Сарыарқа» велотрегіне жалпы 11 мың адамға арналған. Шетелдік БАҚ өкілдері де кездесу кешіне қызығушылық танытып отыр», - дейді баспасөз қызметі.

Еске салайық, 9 қыркүйек күні елордалық «Сарыарқа» велотрегінде кәсіпқой бокс кеші өтеді. Басты жекпе-жекте Қанат Ислам канадалық Брэндон Кукпен жекпе-жекте өз титулдарын қорғайтын болады.