Қытайлық жігіт өзінің қалыңдығына 99999 алқызыл раушан гүлін сыйлады

АСТАНА. Тамыздың 19-ы. ҚазАқпарат - Қытайлық Сяо Ван (Xiao Wang) есімді жігіт осындай әдіспен өзінің болашақ отбасылық өміріне бақыт шақырып, екінші жағынан өзінің қалыңдығына ол өмір бойы есте сақтап қалатын күн сыйлағысы келген екен.
None
None

Orange News хабарлағандай, Ван гүл сататын дүкеннен 99999 алқызыл раушан гүлін сатып алып, онымен той шеруінің 30 автокөлігін безендірді. Көліктерді іздестіру жұмыстары интернет арқылы жүзеге асырылды.

Гүлдерді Ванның қалыңдығы Сяо Лю (Xiao Liu) алды. Той Орталық Қытайдағы Чунцинде аталып өтілді, ал гүлдер ел шетінен ұшақпен жеткізілді. Мұндай сыйлықты жасауға 999 санының бақытты сан болып есептелуі себепкер болған сыңайлы. Сонымен қатар, өзінің болашақ отбасылық өмірі бақытты болуы үшін Ван раушан гүлдерінің құнының 20 пайызын қайырымдылық қорларының біріне аударды.

Осы романтикалық желпінісі арқылы ол дүкен иесіне бір жылдық түсімді қамтамасыз етті.

Соңғы жаңалықтар