Қытайлық жігіт ұнатқан қызына 100 мың ащы бұрыштың көмегімен сөз салған
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдағы Сычуань провинциясының тұрғыны өзі ұнатқан қызына жүрегі мен қолын ұсынудың ерекше әдісін ойлап тапты. Ер адам мұны сүйіктісі жақсы көретін ащы бұрыштың 99 мың 999 данасы арқылы жасады.
Қытайлық азамат дәмдеуіштің көмегімен қалыңдығының кілеміне өрнек салды, деп хабарлайды GB Times.
Ер адам бұрыштың бұл санын кездейсоқ таңдаған жоқ, себебі «тоғыз» саны қытай тілінде сондай-ақ «мәңгілік» дегенді де білдіреді. Жас адамдар бірнеше жыл бұрын онлайн-ойын арқылы танысқан. Әңгімелесу кезінде ер адам сүйіктісінің ащы бұрышты жақсы көретінін білді.
Бойжеткенге өмірлік жар болу ұсынысын жасамақ болған ол кілемде бұршақпен бірнеше өрнек салды. Сүйіктісі жігіттің бұл қылығын бағалай біліп, оған тұрмысқа шығуға келісімін берді.