Қытайлық жігіттің арқасына салмағы 10 кг өскін шыққан - ФОТО

АСТАНА. ҚазАқпарат - Хирургтар қытайлық жас жігіттің он жыл бойы арқасында арқалап жүрген өскінін алып тастады. Янь Сяоның арқасында салмағы 10 кг асатын ісік болған, сырттай қарағанда бұл аспалы сөмекеге қатты ұқсайды, деп жазады Daily Mail.

Қытайлық жігіттің арқасына салмағы 10 кг өскін шыққан - ФОТО

Дәрігерлер операцияның өте қауіпті екендігін, алайда бұл отаны жасамаса ісіктің одан ары өсіп, өздігінен қозғалуға бөгет жасайтындығын айтып ескерткен. Жалпы, Сяоның денсаулығындағы бұл өзгеріс бозбала кезінде пайда болған. Алдымен оның мойнында жұмыртқа тәріздес ісік шығып, кейін ол өсе бастады. 2007 жылы дәрігерлер оған фиброматоз деген диагноз қойған. Алайда ол кезде жігіттің әкесі операция жасауға келісім бермеген екен.

Сяоға ота алты жыл өткен соң ғана жасалды. Операция тоғыз сағатқа дейін созылып, қазір ол ауруханада денсаулығын қалпына келтіруде.