Қытайлықтар 360 сағатта 30 қабаттық үй салып шықты - ВИДЕО
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайлық Broad Group компаниясы 360 сағатта, яғни 15 күн ішінде 30 қабаттық үйді салып шықты, деп жазады massaget.kz
Үйдің жалпы ауданы - 17000 шаршы метр. Бұндай жылдамдыққа олар модульдік құрылыс технологиясын пайдалану арқылы қол жеткізген.
Айта кетелік, бұл технология алғаш Еуропа елдерінде қолданыла бастаған. Бұл әдіспен салынған үйлердің ерекшелігі - құрылыс кезінде тым көп энергия қажет болмайды, үйлер берік болады - 9 балдық жер сілкінісіне төтеп бере алады. Ал желдету жүйесі ғимарат ішіндегі ауаны сырттағыдан 20 есе таза қалпында ұстай алады.