Қытайлықтар адамнан айнымайтын робот жасап шығарды - ВИДЕО

АСТАНА. ҚазАқпарат - Shanghai Shenqing компаниясы мобильді технологиялар бойынша Пекинде өткен халықаралық көрмеде компания қызметкерінің образы бойынша жасалған Янгянг есімді роботты таныстырды.

Қытайлықтар адамнан айнымайтын робот жасап шығарды - ВИДЕО

Жаңа андроид түрлі мимикаларды көрсете алады. Робот 43 түрлі қозғалысты жасай алады. Бұл - Shanghai Shenqing компаниясының таныстырып отырған төртінші роботы.

Сарапшылардың пікірінше, осы тектес роботтар жақын уақыттарда ірі сауда орындарында пайда болуы мүмкін, олар адамдарға түрлі қызмет көрсетіп, сауда орындарындағы қызметкерлердің орнын баса алады, деп жазады шетелдік БАҚ.