Қытайлықтар iPhone 6-ның клонын шығарды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайлықтар Apple өнімдерін дәлме-дәл көшіріп шығару қабілеттілігімен әлемді тағы бір мәрте таңғалдырды.

Қытайлықтар iPhone 6-ның клонын шығарды

Шетелдік БАҚ-тың жазуынша, бүгінде қытайлық Sophone i6 гаджеті 4,7-дюймдік iPhone 6 телефонының тура көшірмесі ретінде шығарылды. Сонымен қатар оның бағасы екі есеге арзан көрінеді.

Шетелдік басылымдарының айтуына қарағанда, смартфонның тұпнұсқандан айырмашылығын оны қосқаннан кейін ғана байқауға болады, ал сыртқы қалыбы тура көшіріліп жасалған. Атап айтқанда, олардың салмағында да қатты айырмашылық жоқ, яғни қытайлық нұсқа 125 грамм болса, түпнұсқаның салмағы - 129 грамм. Қытайлық өнім екі симкалы құрылғымен жабдықталды.

Осы өнімнің қорабына смартфонның өзі, қуат беру адаптері, USB-кабель, дыбыс құрылғысы салынған. Осының барлығы 139,99 долларға бағаланып отыр.