00:27, 05 Қыркүйек 2017 | GMT +5
Қытайлықтар «Қайрат» футбол клубына қызығушылық танытты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алдағы уақытта қолға алынатын ынтымақтастық шараларының аясында «Қайрат» футбол клубын Қытай Халық Республикасының бас консулының міндетін атқарушы Мяо Хунбо көріп қайтты, деп хабарлайды sports.kz.

Мяо Хунбоның айтуынша, ол алматылық клубтың ойындарын ұдайы қадағалап отырады және «Қайрат» командасының жетекші ойыншылары Бауыржан Исламхан мен Андрей Аршавиннің ойындарын ерекше ықыласпен көреді.
Сондай-ақ мейманның айтуынша, қытай тарапы ұзақмерзімді ынтымақтастық орнатуды көздеп отыр, оның аясында өзара тәжірибе алмасып, бірлескен шаралар ұйымдастыруды жөн көреді. Қонаққа осыған дейін өзі көрген клубтың негізгі базасы да қатты ұнаған.