Қытайлықтар Клинтонның ғұмырнамасын өз тілінде басып шығарудан бас тартты
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың бұрынғы мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтонның ғұмырнамасы Қытайда басылып шығарылмайтын болды.
Қытайлық кітап импорттаушысы «конфиденциалды ақпараты» бар Хиллари Клинтонның «Күрделі таңдау» ғұмырнамасын таратпауды жөн көрді. Хиллари Клинтонның жасырын дерттері туралы кітап АҚШ-та жарық көрді.
Шанхай кітап трейдері кеңсесінің бас қызметкері баспагер бұл кітапты оқып шыққан соң оның қытай тіліндегі нұсқасын тарату жоспарынан бас тартты. Кітаптың қай тұсы бұл әрекетке себеп болғанын ол ашып айтпады.
Клинтонның ғұмырнамасында қытай цензурасы мен Чэнь Гуанчэн диссиденттік пікірлері көрініс тапқан.
Ал Simon & Schuster баспасы өткен аптада қытай баспагерлерінің мұндай әрекеттеріне өкініш білдіріп, басылымның ағылшын тіліндегі нұсқасы да қытайлықтардың қолына түспейтін шығар деді.