Қытайлықтар Конфуцийдің мерейтойын атап өтуде
АСТАНА. Қыркүйектің 29-ы. ҚазАқпарат -Дүйсенбі күні Қытай Халық Республикасының тұрғындары атақты философ Конфуцийдің туғанына 2560 жыл толуын атап өтті,
деп хабарлайды ВВС агенттігінің Орыс қызметі.
Негізгі салтанаттар ойшылдың туған жері - Цюйфу қаласында өтті. Онда мыңдаған адам жиналды, олардың ішінде дипломаттар, философтар және Конфуцийдің үрім-бұтақтары болды.
Бұған дейінгі ақпараттарда әлемде Қытай ойшылының 2 миллионға жуық ұрпағы бар екендігі айтылған болатын.