Қытайлықтар уран зауытының құрылысына қарсы наразылық білдіруде

АСТАНА. 13 шілде. ҚазАқпарат - Қытайдың оңтүстігінде жүздеген адам Цзяньмынь қаласында уран өндіру зауытының құрылысына қарсы наразылық акциясына шықты. Олардың қолындағы плакаттарда «Біз атомды емес, балалардың болғанын қалаймыз» деген сөздер жазылған. Бұл туралы ВВС хабарлап отыр.
None
None

Аталған қала Гонконгтен шамамен 100 шақырым жерде орналасқан. Жақында атом электр стансалары үшін уран отынын өндіру бойынша зауыттың құрылысы жөнінде жарияланған еді. Алайда, бұл бастама барша өңір тұрғындарының ашуын келтірді.

Жергілікті билік құрылысты кейінге шегеру туралы және 10 күндік консультациялар жайында жариялады. Бірақ та, шерушілер бұндай маңызды мәселе бойынша салмақты шешім шығару үшін аталған мерзім өте аз екенін алға тартуда.

Соңғы жаңалықтар