Қытайлықтар Жаңа жылды қарсы алуға дайындалуда
АСТАНА. 2 ақпан. ҚазАқпарат - 3 ақпанға қараған түні миллиардтан астам қытайлық Көктем мерекесі - дәстүрлі күнтізбемен Жаңа жылды қарсы алады. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлайды.
Жаңа жылды қарсы алу кезінде ең маңыздысы - барлық отбасы мүшелерінің ортақ мерекелік үстелде бас қосуы. Қытайдың ауылдық аудандарында барлық үлкен отбасылар етпен және аскөкпен, ас шаянмен тұшпара түйеді. Тұшпараның бiрiне «бақыт үшін» ақша салады. Үстелде міндетті түрде қытайша "юй" балығы болуы тиіс. Ол «тоқшылықтың» белгісі. Сонымен бірге жабысқақ күрiштен - «няньгао» тәттi бауырсағы пісіріледі.