Қытаймен арадағы шекарада қосымша өткiзу пункттерiн салу мәселесi пысықталады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытаймен арадағы шекарада қосымша өткiзу пункттерiн салу мәселесi пысықталады. Бұл туралы бүгiн Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен брифингте ҚР Көлiк және коммуникация министрлiгi Көлiктiк бақылау комитетiнiң төрағасы Әсет Асаубаев мәлiм еттi.
None
None

Брифингте комитет басшысы елдiң транзиттiк әлеуетiн арттыруға бағытталған бiрқатар iрi жобаларға тоқталды.

«Қазақстан Республикасында экономикалық өсiмнiң тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында үкiметтiң 2014 жылға арналған әлеуметтiк-экономикалық саясаттың бiрiншi кезектегi шаралары, яғни жол картасы бекiтiлдi. Оның шеңберiнде Көлiк және коммуникация министрлiгi көлiктік және логистикалық инфрақұрылымды одан әрi дамытып, әртараптандыруға ауқымды iс-шаралар қарастырылған. Сонымен қатар министрлiк 2014-2016 жылдарға арналған көлiк және коммуникация саласындағы транзит көлемiн ұлғайтуға инвестиция және жаңа технологиялар тартуға бағытталған арнайы iс-шараларды бекiтті» - дейдi ол.

Ә. Асаубаевтың сөзiне қарағанда, қысқаша тоқталатын болсақ, қазақстандық тауарлардың экспортын әртараптандыру және елдiң транзиттiк әлеуетiн нығайту мақсатында оңтүстiк, шығыс, батыс бағыттарында жаңа көлiктiк және логистикалық маршруттар пысықталатын болады.

«Министрлiк 2014 жылғы 1 шiлдеге дейiн Ақтау теңiз портының қуатын кеңейту үшiн 3 құрғақ жүк терминалдарының құрылысын қамтамасыз етедi. 2014 жылы 1 шiлдеде «Қазақстан Темiр Жолы» АҚ-ның меншiктi қаражаты есебiнен және де республикалық қаражат есебiнен «Қорғас-Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағында құрғақ порттың құрылысы басталады. Сонымен қатар 2014 жылғы 1 желтоқсанға дейiн "Жезқазған-Бейнеу»" темiр жолы бойынша қозғалыс ашылуы жоспарланып отыр. 2014 жылдың шiлде айына дейiн Ляньюнган портында терминал салу жұмыстары басталады. 2015 жылы «Батыс Еуропа - Батыс Қытай" халықаралық автомобиль жолының Алматы-Қорғас учаскесi пайдалануға берiлуiне байланысты Қытаймен арадағы шекарада қосымша өткiзу пункттерiн салу мәселесi пысықталады», - деп атап өттi ол.

Соңғы жаңалықтар