Қытаймен шекарада заңсыз өткізілмек болған 20 тонна тауар анықталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақ-қытай шекарасында орналасқан «Қорғас» бақылау-өткізу бекетінің шекара жасағы 30 маусымда күндізгі сағат 12-лер шамасында жергілікті «Алтынкөл» кеден бекетінің қызметкерлерімен бірлесе отырып Әнуар есімді Қазақстан азаматын ұстады. Бұл туралы ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Қытаймен шекарада заңсыз өткізілмек болған 20 тонна тауар анықталды

«Ивеко» жүк көлігімен келе жатқан, 1974 жылғы жүргізушіде 20 тонна жүктің (халық тұтынатын тауарлар) ілестірме құжаттары жоқ болып шықты.

Аталған дерек бойынша құқыққорғау органдары хабарландырылды.