Қытаймен шекарадағы Қорғас ынтымақтастық орталығы әлі ашылған жоқ

АСТАНА. ҚазАқпарат – Желіде «Қорғас» ШЫХО өз жұмысын қайта бастады деген жалған ақпарат бар видеолар тарап жатыр, деп хабарлайды. ҚазАқпарат «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы орталығына сілтеме жасай отырып.

Қытаймен шекарадағы Қорғас ынтымақтастық орталығы әлі ашылған жоқ

«Қорғас» ШЫХО-ның тек Қытай тарапы ғана іске қосылған.

«ҚОРҒАС» ШЫХО-ның қазақстандық тарапы қазақстандық және қытайлық келушілер үшін жабық. «Қорғас» ШЫХО Басқарушы компаниясы «Қорғас» ШЫХО-ның жақын арада ашылуына мүдделі және оның ашылуына барлық қажетті жұмыстарды атқаруда. «Қорғас» ШЫХО ашылу күні Басқарушы компанияның ресми интернет көздерінде жарияланады«, делінген компания атартқан мәліметте.