Қыз балаларға тәрбие беретін «Әжелер мектебі» ашылды

None
None
  ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат-Қызылордада қасиетті Меккеде қажылық парызын өтеп келген әжелердің мектебі ашылды. Бұл туралы ҚазАқпарат ХАА тілшісі хабарлады.

«Әжелер мектебі» ашылатындығы туралы «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінде өткен шара барысында белгілі болды.

Қажы апаларымызбен бас қосқан қала мешіттерінің ұстаздары, қыз-келіншектер «дөңгелек үстелде» қыз балалар тәрбиесі үшін маңызды тақырыптарды қозғап, ақыл-кеңестер тыңдалды. Әжелер тарапынан да салт-дәстүрге сай өнегелі өсиеттер айтылды.

Айта кетейік, бүгінде ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешіті жанындағы Жалпы және жастар ісі бөлімі, Қызылорда облысы бойынша әйелдер-қыздар секторы жастарға, қыз-келіншектерге тәлім-тәрбие беру бағытындағы өз жұмыстарын қарқынды жүргізіп келеді.

Алдағы уақытта сектор бастамасымен «Әжелер мектебі» жұмысын күшейтіп, бірқатар маңызды шаралар қолға алынбақ. Болашақ ана атанатын нәзік жандылар үшін бұл шаралардың өз нәтижесін берері сөзсіз.

Соңғы жаңалықтар