«Қыз бен теңіз» Бангладештегі байқауда «Үздік азиялық фильм» атанды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Режиссерлер Әзизжан Заиров пен Мұхаммед Мамырбековтің «Қыз бен теңіз» көркем фильмі кезекті жүлдені иеленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақфильм киностудиясына сілтеме жасап.

Бангладеште өткен Cinemaking International Film Festival Халықаралық кинофестиваль қорытындысы бойынша кинотуынды «Үздік азиялық фильм» аталымы бойынша жеңіске жетті. Ұйымдастырушылардың айтуы бойынша байқауға 50 елден 150 фильм қатысқан
Естеріңізге салсақ, фильм ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен «Қазақфильм» киностудиясында «Новый мир» АРДИ студиясының қатысуымен түсірілген. Басты рөлдердің бірін дилогияның бірінші бөлігіндегі рөлімен танымал Тахир Омаров, сондай-ақ Эмир Байгазиннің «Жараланған періште» трилогиясының екінші бөлімінде Камо рөлін ойнаған Қанағат Тасқараев сомдады. Ал басты кейіпкердің сіңлісі рөліне кәсіби театр және кино актрисасы ГүлбаҺрам Байбосынова шақырылды.

Аталмыш әлеуметтік драма прокатқа ақпан айында шықты.

Желтоқсан айының басында фильм Silk Road Film Awards – Cannes кинобайқауында «Әлеуметтік тақырыптағы үздік фильм» жүлдесімен марапатталды.


Соңғы жаңалықтар