Қыз саулығы - ұлт саулығының кепілі

«Елбасымыз әрқашан жастардың спортпен шұғылдануы қажет екендігін айтып, оған айрықша көңіл бөліп, қолжетімді болуын қадап айтқан болатын. Бүгінгі игі іс-шара Елбасы жүктеген тапсырмаларды іске асыру, спорт және фитнесті дамыту, салауатты өмір салтын қалыптастыру, студент жастардың фитнес сауаттылығын жоғарылату мақсатында жасалынып отыр. Салауатты өмір салтын қалыптастырған жастар ғана тәуелсіз Қазақстанның лайықты азаматтары болады», - дейді Д. Нөкетаева.
Экономикалық және өндірістік мәселелер жөніндегі проректор Асылбек Бөкебаевтың сөзіне қарағанда, енді мұндай жаттығу залдары алдағы уақытта қалған жатақханаларда да ашылмақ. Сонымен қатар барша студенттер үшін орталықтандырылған жаттығу залын да ашу жоспарда бар. Оған 9 миллионнан аса қаражат бөлініп отыр. Сондай-ақ келесі жылы үлкен жабық бассейн бой көтермек.