Қыздар боксы олимпиадалық спорт түрі болып белгіленді
АСТАНА. Тамыздың 14-і. ҚазАқпарат - Қыздар боксы ресми олимпиадалық спорт түрі атанды. Ол алдағы уақытта, 2012 жылы Лондонда өтетін Жазғы Олимпиада ойындарының бағдарламасына кіретін болды.
Халықаралық олимпиадалық комитеттің Атқарушы комитетінің отырысында осындай шешім қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Эхо Москвы» радиостансасына сілтеме жасап.
Бокс бұған дейін жазғы олимпиада ойындарында тек ерлер арасында өтіп келген жалғыз спорт түрі болып келді.