«Қыздардан» неге қашамыз?» - баспасөзге шолу

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпараттық агенттігі 11 маусым, сенбі күні жарық көрген республикалық бұқаралық ақпарат құралдарындағы өзекті мақалаларға шолуды ұсынады.

***
«Қазіргі қазақ қоғамы қыз атаулыға қырын қарайтындай ма, қалай? Бабалардан жеткен құрмет-сыйдың көкесі қыздарға арналмаушы ма еді! «Қыз - жатжұрттық» деп төрге оздыратын қашанда. Ақын біткеннің әдебиет әлеміне басқан қадамы да, тырнақалды туындысы да бойжеткендер ауылынан бастау алатын», деп жазады «Егемен Қазақстан» газеті сенбілік санындағы «Қыздардан» неге қашамыз?» деген тақырыптағы мақаласында.

Басылым авторының жазуынша, әлем чемпионатында алдына ел салмаған Қазақстан құрамасы туралы теңеудің неше атасы айтылды. Жеңісті де, жетістікті де қазақ журналистері жапа-тармағай жеріне жеткізе жазды, елден сүйінші сұрады. Қазақстанның әйелдер құрамасы әлем чемпионатында толағай табысқа жетті деп. «Сүйінші сұрағаны, мақтанғаны дұрыс-ақ, ал «әйелдері» несі?!», деп сауал қояды автор. «Кеңестік идеологиядан оңбай таяқ жесек те, әлі де сол жаққа қа¬рап еміренеміз де тұрамыз. «Женщинаны» жетектеп әкеліп тікелей тәржімалап, алтын асықтай қыздарымызды «әйелдерге» теліп жүргеніміз соның салдары. Әйтпесе, «Қазақстанның қыздар құрамасы» деген атау әдемі естіледі емес пе! Айтпақшы, Алматыдағы қыздар педагогикалық университетін спорт журналистерінің қалыбына салатын болсақ, масқара болмаймыз ба?!.», - деп түйінделген мақала.

Кеше «Қазмедиа орталығы» ғимаратында Әділет министрі Берік Имашев бейнеконференция байланысы режімінде халық алдында есеп берді. Министрмен болған есептік кездесуге, әділет органдарының ардагерлері, қала тұрғындары мен кәсіпкерлер өкілдері келіп қатысып, ведомствоның бұған дейінгі атқарған жұмыстары мен алдағы жоспарлары туралы жан-жақты мағлұматтар ала алды. Осы кездесу арқау болған мақала ел газеті «Егемен Қазақстанның» сенбілік санында «Оңтайлы шешімдер - уақыт пен қаржы үнемдеудің тиімді тетігі» деген тақырыппен берілген. Басылымның жазуынша, министр 2015 жылы халықаралық келісімдер мен нормативтік-құқықтық актілердің 711 жобасы енгізілгендігіне назар аудартты. Оның келтірген мәліметіне қарағанда, қазақстандық шарттық база 3683 халықаралық келісімдерді қамтыған. Сондай-ақ, жоғары заң шығарушы орган ратификациялаған 1190 келісім ерекше басымдыққа ие». Бізге заң-герлік сараптамаға жыл сайын 70 заң жобасы, 2 мыңға жуық Президент пен Үкімет актілерінің жобалары, сондай-ақ, 10 мыңнан астам орталық және жергілікті органдардың нормативтік-құқықтық актілері келіп түседі», - деді Берік Мәжитұлы.

***
Ақтөбеде лаңкестер басып алған автобустың жүргізушісі өз өмірінде сол бір ең қорқынышты сәтті «Экспресс К» газетіне тарқата айтып беріпті. «Автопарк» ЖШС-нің жүргізушісі Мұрат Исекеновтың жадында 5 маусым күні өшпестей болып қалды. Өмірінің соңғы сәтіне дейін ол тірі қалғаны үшін Аллаға алғыс айтып өтпек.
Сол күні автобус рөліне отырған Мұрат бірінші бағдар бойынша қатынауы тиіс еді. Түс ауа ол «Паллада» қару-жарақ дүкеніне жақындай бергенде полиция көлігі келіп тоқтатып, одан азаматтық киімдегі қарулы адамдар автобусқа басып кірген. Осыдан кейін олар жүргізушіден басқа барлық жолаушыларды шығарып жіберген. 30-ға жуық лаңкес жүргізушіге тоқтамуды және жолында кездескеннің барлығын қағуды бұйырған. «Әскери бөлімге жақындағанда содырлар тірі қалғың келе деп сұрады. Сонымен қатар, олар тірі қалу үшін жалғыз мүмкіншілігім бар екендігін айтып, бар жылдамдықпен әскери бөлім қақпасын бұзып кіруді және автобусты қару-жарақ қоймасына дейін жеткізуді тапсырды», - деп еске алады Мұрат. Толығырақ, басылым бетінен танысуға болады.

«Талдықорғандық жалғыз басты аталар мен апалар «60 жастан асқандар» деп алатын клуб құрды. 14 жылдың ішінде дәл осы клубта танысқан 16 жұп шақырақ көтерді», - деп жазады «Экспресс К» газеті.
Басылымның жазуынша, клуб жұмысы иесіз қалған жертөледен басталған. Қарттар өз күштерімен ғимаратқа жөндеу жұмыстарын жүргізіп, жиһазбен жабдықтаған. Одан кейін магнитафон сатып алып, би кештерін өткізе бастаған. «Біздің клубымыз 14 жылға жуық уақытан бері жұмыс істеп тұр. Үйде теледидар алдында отырғаннан гөрі бас қосып, қызықты дүниелермен айналысқанға не жетсін», - деді Дина Гавриленко.

Соңғы жаңалықтар
telegram