Қыздардың сеніміне кіріп, олардың атына несие рәсімдеп келген алаяқ іздестірілуде
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Екібастұз қаласының полициясы алаяқтық әрекеттерге барып, ұрлық жасаған 25 жастағы күдіктіні іздестіріп жатыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
«Екібастұз ішкі істер басқармасына бірнеше бойжеткеннен шағым түсті. Қыздардың айтуынша, олардың барлығын бір жігіт алдаған. Алдымен адамның сеніміне кіріп, кейін қыздардың атына несие рәсімдеп қана қоймай бойжеткендердің құнды заттарымен ұялы телефондарын ұрлап кеткен»,-деп хабарлады облыстық ІІД.
Аляқтың әрекеті әдеттегідей. Алдымен әлеуметтік желілер арқылы танысып қыздардың жүрегін жаулайды. Кейін оған «маған тұрмысқа шық» деген сыңайдағы ұсыныс жасаған. Уақыт өте келе анасының жағдайы нашарлап жатқанын айтып, тойға қаржы қажет деп несие рәсімдетіп алады. Қолына ақша тиген соң алаяқ бірден із суытқан.